Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті
Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті
Мектептің оқу-өндірістік жоспары мен психология апталығының аясында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А. Тургунбаев пен кәсіптік бағдар беру педагогы Л. Алдабергенованың ұйымдастыруымен Асықата кентіндегі кәсіптік маман иелерімен мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктеріне көмек беру және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты мектеп оқушыларымен кездесу кеші болып өтті. Маман иелерінен зейнеткер-ұстаз, дәрігер, полиция қызметкері, мемлекеттік қызметкер, өрт сөндіру қызметкері, колледж мұғалімі болды. Кездесу барысында мектеп оқушылары келген қонақтарға келешекте өздерінің таңдап отырған мамандықтары туралы сұрақтарын қойды. Кездесуде бейнеролик көрсетілді, мамандық туралы жұмбақтар, жағдаяттық сұрақтар қойылды. Кеш соңын қорытындылаған қонақтар мен ұстаздар аталған іс-шараның өз мақсатына жеткенін, оқушылардың келешек таңдауы үшін дұрыс бағыт-бағдар болғанын және жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А. Тургунбаев
Кәсіптік бағдар беру педагогы Л. Алдабергенова