Әжелер кеңесі —ұлағат мектебі
Әжелер кеңесі —ұлағат мектебі
№10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.02.2023 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Бердалиева мен Д.Насимовтың басшылығымен "Алтынай" және "Ақбаян" қыздар кеңесінің ұйымдастыруымен "Әжелер кеңесі - ұлағат мектебі" тақырыбында 9,10,11-сынып оқушыларының әжелері мен аналарының қатысуымен сыр - сұқбат кеші өткізілді.
Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру.
Кешіміздің қадірлі қонақтары:
✓Басымбекова Рахила Әденайқызы Жетісай ауданының аналар кеңесінің төрайымы
✓ Умирбаева Камира Сламбекқызы "Шаңырақ" клубының жетекшісі, аудандық әжелер алқасының төрайымының орынбасары.
✓ Мұсабекова Шарипа Әбсәметқызы Жетісай қалалық әжелер кеңесінің төрайымы
✓Кәрибаева Гүлжаһан Қазыбек би округінің әжелер алқасының төрайымы
✓Жаңабаева Зауре Разаққызы Ынтымақ ауылдық округінің "Аналар кеңесінің" төрайымы
✓ Шамшиева Маржан Ынтымақ ауылдық округінің әжелер алқасының орынбасары.
Іс-шараны мектебіміздің директоры Гулжан Убайдина Тұрарбекқызы ашып, ой-пікірімен бөлісті. Шара барысында қыздарға байланысты "Жеңге мен қайын сіңлінің сырласуы" сахналық көрінісі және бейнебаян, әдеби монтаждар қойылды.