02
ноябрь
2023
Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі
Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі
№10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ғ. Бахтыбеков пен
Ә. Әлімқұлдың басшылығымен "Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу — мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі" тақырыбында шебер сынып болып өтті.
Шебер сыныптың негізгі мақсаттарының бірі:
—Қазіргі сабақ қандай болуы қажет?
—Қалай бүгінгі сабақта дәстүрлі және жаңашыл әдістер ұштасады?
—Сабақты талдау және өзін – өзі талдау қалай жүзеге асатындығын кеңінен ашып, талқылады.
Осыған орай, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі З.Жұманазарова, математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші М. Естемисова және ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-шебер
Б. Ташевалар өз баяндамаларын оқып, пікір алмасты. Қатысушы ұстаздарымыз баяндамашыларға сұрақтар қойып, көкейде жүрген ойларының шешімін бірлесе талқылады.





