Жетісай ауданының білім бөлімі № 10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2024-2029 жылдар арасында дамыту бағдарламасы
«Келісілді» «Бекітілді»
__________________ ___________________
№161 лицей Ж.Жабаев атындағы №161 лицей
Қамқоршылық кеңесінің директоры
төрағасы Р.М.Суранчиева
……………
«___» _________ 2024 ж «___» ________ 2024 ж
Жетісай ауданының білім бөлімі № 10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2024-2029 жылдар арасында дамыту бағдарламасы
2024 жыл
Мазмұны
Кіріспе
I-бөлім. Мектепті дамыту бағдарламасының паспорты
II-бөлім. Бағдарламаның талдамалық және болжамдау негіздемесінің блогы:
2.1. Мектептің ағымдағы қызметінің жай-күйі, негізгі проблемалары, олардың себептерінің талдауы.
2.2. Мектептің инновациялық әлеуеті
2.3. Педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің пікірлерін зерделеу арқылы анықталған білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары
2.4. Білім беру процесінің мазмұнына ата-аналардың қанағаттануы.
2.5. Мектепке енгізілетін өзгерістердің күтілетін салдарының болжамы, өзгерістер тәсілдері мен нысандары.
III БӨЛІМ. Бағдарламаның пайымы
IV БӨЛІМ. Бағдарламаның миссиясы
V БӨЛІМ. Бағдарламаның стратегиясы
VI БӨЛІМ. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу
6.1. Бағдарламаны іске асыру жоспары
6.2. Бағдарламаның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру.
VII БӨЛІМ: Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелер
7.1.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер
7.2.Бағдарламадан күтілетін нәтижелер
VIII.БӨЛІМ. Мектепті дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары
КІРІСПЕ
Жетісай ауданының білім бөлімінің № 10 "Қайнар" мектеп-гимназия`" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2029 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы (бұдан әрі- Дамыту бағдарламасы) орта білім беру ұйымының даму барысын реттейтін және бағыттайтын орта мерзімді стратегиялық құжат болып табылады. Бағдарлама № 10 ``Қайнар`` мектеп-гимназия`` коммуналдық мемлекеттік мекемесін дамытудың басқарушылық құжаты ретінде оның дамуының мақсатты, мазмұнды және нәтижелі басымдықтарын анықтайды, мемлекеттің орта білім беру ұйымдары үшін анықтаған мақсаттарын тиімді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын қамқоршылық кеңеспен келісе отырып белгілейді.
Дамыту бағдарламасының перспективалары мен бағытттары мектептің соңғы 3 жылдағы жағдайына жасалған мониторинг қорытындыларын, белгіленген жоспарлардың орындалуын, мектептің инновациялық әлеуетін, білім беру процесінің мазмұнының мүдделі тұлғаларды қанағаттандыруын талдау негізінде анықталды. Нәтижесінде Дамыту бағдарламасының орта мерзімді негізгі мақсаттары анықталды.
Дамыту бағдарламасы орта білім беруді дамытудың еліміздегі және шетелдік тәжірибені, сонымен қатар ҚР орта білім беруді дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген мынандай негізгі бағыттарды ескере отырып әзірленді:
- мектептегі оқыту, оқу және тәрбие жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған оқушыларды қалыптастыру;
- балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, баланың қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету;
- қазақстандықтардың жаңа буынан тәрбиелеу;
- педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру;
- білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету.
Дамыту бағдарламасы даму стратегияларын, бағыттарды, пайымды, миссияны, күтілетін нәтижені айқындайды. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үдеріске енгізідетін инновациялар, жобалар, технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
I-БӨЛІМ. Білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның атауы | Жетісай ауданының білім бөлімінің № 10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2024-2029 жылдар арасында дамыту бағдарламасы |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме |
|
Бағдарламаны әзірлеуші | Жетісай ауданының білім бөлімінің № 10 ``Қайнар`` мектеп-гимназия`` коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері | Бағдарламаның мақсаттары: Мектептің оқыту мен оқудағы, тәрбиелеу мен басшылық етудегі инновациялық қызметінің бағытын және жұмыс істеу шарттарын айқындайтын жалпы мақсаттарды, мектепті дамытудың орта мерзімді бағыттарын айқындау, тұжырымдау және жариялау. Бағдарламаның міндеттері: - мектептің ағымдағы, қол жеткізілген даму деңгейін анықтау (объективті көрініс, жетістіктер, артықшылықтар, проблемалар, оардың шығу себептерін анықтау, мектептің инновациялық әлеуетін анықтау, білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары туралы пікірлерін зерделеу, білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеу); - мектептің миссиясы мен құндылықтаныа сәйкес келетін стратегиялық мақсаттарды (қысқа және ұзақ мерзімді) әзірлеу;
- педагогтардың әлеуетін дамыту; - білім беру сапасын/қызметін жақсарту - серіктестік қарым-қатынасты құру және дамыту - дамыту үдерісіне қызығушылық танытатын тарапты тарту; - мектептің ашықтығын және ақпараттылығын қамтамасыз ету; - қаржылық стратегияны қалыптастыру; - мониторинг және бағалау жүйесін орнықтыру |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері | Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері 1-ші кезең – 2024/2025 оқу жылы Мақсат: мектепті дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың басталуына және оның жүргізілуіне жағдай жасау. 2 кезең – 2025 оқу жылы Мақсат: мектепті дамытудың негізгі бағыттарын іске асырылуын эвалюациялау арқылы іс-шаралар жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізу. Инновациялық үдерістердің іске асырылуына қолдау көрсету 3-кезең – 2026 оқу жылы Мақсат: мектепті өзгерістерді басқару 4-кезең – 2027 оқу жылы Мақсат: енгізіліп жатқан дамыту іс-шараларының тиімділігн бағалау 5-кезең – 2027/2028 жылы Мақсат: Оңды өзгерістерді мектеп мәдениетіне орнықтыру, жақсартатын тұстарды іске асыруды болжау. |
Қаржыландыру көздері | Республикалық бюджет жергілікті бюджет Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат көздері (арнайы есепшотқа ақшалай қаражат, ШЖМ – шаруашылық жүргізу құқығы бар мекеме – ПХВ , эндаумент қор (түлектер демеушілігі, басқа да демеушілер - ) заңдастырылған) |
II-БӨЛІМ. Бағдарламаның талдамалық және болжамдау негіздемесінің блогы:
2.1. Мектептің ағымдағы қызметінің жай-күйі, негізгі проблемалары, олардың себептерінің талдауы.
Мектептің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама.
Мектеп директоры | Убайдина Гулжан Турарбековна |
Телефоны (ж.т.; ұ.т.) | +77024482859 |
Мекен-жайы | Жетісай ауданы Асықата кенті М. Әуезов, 5 |
Мектептің статусы | Мектеп - гимназия |
Мектепті пайдалануға берілген жылы | 1988 |
Жобалық сыйымдылығы | 1176 |
Мектеп ғимараты | 3 қабатты 2 корпус |
Оқыту тілі | қазақ |
Оқушы саны: 1-11 сыныптарда | 969 |
Педагогтардың жалпы саны | 196 |
Материалдық-техникалық жабдықталуы | Оқу кабинеттері – 50 Спорт зал – 1 Мәжіліс залы -1 Шеберхана – 3 Кітапхана -1 Асхана – 1 Медкабинет -1 |
Ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны | |
Электронды почта | kainar_mektep@mail.ru |
Қорытынды: Мектеп 1988 жылы пайдалануға берілген, оқушы саны мектептің жобалық сыйымдылығына сай келеді. Мектептің материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша оқу кабинеттерімен қамтылған, оқушылардың шығармашылықпен айналысуына ғимараттағы кабинеттер саны жеткілікті. Мектеп кадрлармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар 47 % құрайды. Оқулықтар саны жеткілікті.
Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы білім алушылар туралы мәлімет
Білім алушылар саны | Ұлы | Қызы | Барлығы |
1-11 сынып білім алушылар саны: | 500 | 461 | 961 |
Даярлықтағы білім алушылар саны: | 30 | 28 | 58 |
1-4 сынып білім алушылар саны: | 200 | 169 | 369 |
5-9 сынып білім алушылар саны: | 230 | 229 | 459 |
10-11 сынып білім алушылар саны: | 66 | 80 | 146 |
1-сынып бітіруші саны: | 40 | 37 | 77 |
4-сынып бітіруші саны: | 55 | 50 | 105 |
9-сынып бітіруші саны: | 48 | 45 | 93 |
11-сынып бітіруші саны: | 28 | 37 | 65 |
ҰБТ баратындар саны: | 65 | ||
1-ауысым бала саны: | 320 | 296 | 616 |
2- ауысым бала саны: | 210 | 193 | 403 |
Қорытынды:
Оқушы саны мектептің жобалық сыйымдылығына сай келеді. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Мектеп халық көп шоғырланған аймақта орналасқан. Мектепте негізінен бастауыш сыныптар 38%, 5-9 сынып оқушылары 48 % құрайды. Мектеп бітірушілердің саны 65, ол оқушы санының 0,65% құрайды.
Ағымдағы жылдағы оқу сатылары бойынша білім сапасының көрсеткіштері
2023/2024 оқу жылының басы | 2024/2025 оқу жылы | Динамика | |
2–4 сынып | |||
Білім алушы саны | 291 | ||
Үздіктер саны | 63 | ||
Екпінді саны | 140 | ||
Білім сапа % | 69,7 | ||
5–9 сынып | |||
Білім алушы саны | 459 | ||
Үздіктер саны | 63 | ||
Екпінді саны | 240 | ||
Білім сапа % | 65,7 | ||
10–11 сынып | |||
Білім алушы саны | 146 | ||
Үздіктер саны | 36 | ||
Екпінді саны | 67 | ||
Білім сапа % | 71,3 | ||
2–11 сынып | |||
Білім алушы саны | 896 | ||
Үздіктер саны | 262 | ||
Екпінді саны | 447 | ||
Білім сапа % | 67,5 |
Қорытынды:
Мектепке қабылданған оқушылардың білім сапасының талдауынан 5-9 сыныптардағы білім сапасынан бастауыш сыныптар мен 10-11 сыныптардағы білім сапасынан төмен көрсеткіш көрсетіп тұр. Бастауыш сыныптар мен 10-11 сыныптардағы оқу процесін зерделеу қажет.
Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы әлеуметтік паспорты
№ | Әлеуметтік санаттар | саны | % |
1 | Барлық оқушылар | 1025 | |
2 | Отбасы түрі бойынша: | ||
3 |
| ||
4 |
| 70 | |
5 |
| 5 | |
6 |
| 40 | |
7 |
| 82 | |
8 |
| 321 | |
9 |
| 78 | |
10 | Жетім балалар,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар | 0 | |
11 | Мүгедек балалар,мүмкіндіктері шектеулі балалар | 10 | |
12 | Азаматтығы жоқ білім алушылар | 0 | |
13 | Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын білім алушылар | 0 | |
14 | Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар | 0 | |
15 | Мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар | 3 | |
16 | Ата-аналарының білімі: | ||
17 |
| 248 | |
18 |
| 152 |
Қорытынды: Мектепте мүгедек және мүмкіндігі шектеулі 10 білім алушы бар. Оның екеуі денсаулығына байланысты үйде оқытылады. (Зерде дамуы қалыпты). 2 білім алушы ПМПК қорытындысына сәйкес үйде оқытылады. 6 білім алушы мектепте ықпалдастыра оқытылады. Ықпалдастыра оқитын 3 білім алушының ПМПК қорытындысында психикалық дамуының тежелісі бірдей, 1 білім алушының ПМПК қорытындысы бойынша дисграфия, 1 білім алушы ПМПК қорытындысы бойынша нашар көретін бала, 1 білім алушы ПМПК қорытындысы бойынша зерде бұзылысынң жеңіл түрі.
2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда 2024 - 2025 оқу жылында бұл балалардың саны 1 оқушыға артып отыр.
Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы туралы ақпарат
Жастары бойынша
1 | 30 жасқа дейін | 26 | |
2 | 31 - 45 жас аралық | 36 | |
3 | 45 – 60 жас аралық | 93 | |
Қорытындысы: | 155 |
Жұмыс өтілі бойынша педагогтерді бөлу
1 | 3 жылға дейін | ||
2 | 4 - 6 | 32 | |
3 | 7– 10 | 36 | |
4 | 11 – 15 | 28 | |
5 | 16 – 20 | 28 | |
6 | 21 – жоғары | 34 | |
Қорытындысы: | 155 |
Педагогтерді біліктілік деңгейлері бойынша бөлу
Барлық педагогтар | Өлшем бірлігі | оның ішінде санаттар бойынша | оның ішінде біліктілік деңгейлері бойынша | |||||||||
Барлығы | Жоғары | Бірінші | Екінші | Санат жоқ | Барлығы | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы | Педаго зерттеуші | педагог-шебер | |||
155 | 39 | - | 2 | 1 | 36 | 116 | 57 | 36 | 21 | 2 | ||
25% | - | 1,2% | 0,6% | 23% | 75% | 36% | 23% | 13,5% | 1,2% | |||
Педагогтерді білім деңгейлері бойынша бөлу
Барлық педагогтар | өлшем бірлігі | оның ішінде білім деңгейлері бойынша | ||||
Арнайы - орта / техникалық және кәсіптік | Орта білімнен кейін | Жоғарғы | Жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) | Жоғары оқу орнынан кейінгі (PhD докторантура) | ||
155 | адам | 4 | 151 | 14 | ||
% | 2,6% | 97,4% | 11 % |
Қорытынды: Педагогтардың 97,4%% -ы жоғарғы білімді, 2,6% арнайы орта білімді, кәсіби жоғары білімді 11 %. Мектепте 961 оқушы білім алып, 155 педагог жұмыс атқаруда. Сапалық құрамына тоқталатын болсақ біліктілік санаттары бойынша: педагог-шебер 2 (1,2%), педагог-зерттеуші 21(13,7%), педагог-сарапшы 36 (23%), педагог-модератор 57 (36%) біліктілік санатын иеленбегендер 39 (25%). Мектептегі кәсіби жоғары білімді мамандар мектептің инновациялық әлеуетін көтеруге жұмыс жасайды. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеретін жұмыстар жүргізілуі қажет.
Мектептің негізгі проблемалары мен олардың туындау себептері
Мектеп қызметінің мықты және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында тамыз және қыркүйек айларында кадрлық, ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстарға, білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттарға, білім беру мазмұнын ары қарай жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері деңгейіне, білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің дамуы деңгейлеріне, көзқарастарына, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптасуы және өзін-өзі іске асыру деңгейлеріне, ұстанымдарына, білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру деңгейлеріне мониторинг жүргізілді.
SWOT талдауы
Күшті жақтары - 5-9 сынып оқушыларының білім сапасы жоғары; - 9-11 сыныптардағы пән олимпиадасынан облыстық, республикалық кезеңдерде оқушылар Жүлдегер атанған; - 9-11 сынып оқушылары облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды; - мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы жоғары деңгейде; - пән мұғалімдері облыстық пән олимпиадалары мен авторлық бағларлама сайыстарының жеңімпаздары атанған; - мектепте кәсіби жоғары білімді 14 маман бар; - мектеп өткен оқу жылында аудандық рейтинг бойынша бірінші орынды иеленді. | Әлсіз жақтары - бастауыш және 10-11 сынып оқушыларының білім сапасының орта деңгейі; - бастауыш және 5-8 сыныптардағы олимпиадада төмен көрсеткіш көрсетуі; - бастауыш және 5-8 ғылыми жоба байқауларындағы оқушы жетістігінің төмен болуы; - мұғалімдердегі өз білімін жетілдіру дағдысының төмендігі; - мұғалімдердегі шығармашылық дағдының төмендігі; - пән мұғалімдері тарапынан тәжірибе алмасу, сабақтарға ену, сабақты талдау дағдысының төмендігі. |
Мүмкіндіктері - мектептегі кәсіби жоғары білімді мамандар мектептің инновациялық әлеуетін көтеруге жұмыс жасайды; - дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында - «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар; - «Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмысты жолға қою мүмкіндігі бар - кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысын жүзеге асыру мүмкіндігі бар. | Қауіптер - санаты төмен мұғалімдердің үлесі жоғары болғаны ұжымның кәсіби өсуіне кері әсер етеді; - үлкендер тарапынан қадағалаудың аз болуынан оқушылардың әлеуметтік желіні шектен тыс көп қолдану қауіпі бар; - үлкендер тарапынан қадағалаудың аз болуынан оқушылардың зиянды заттар мен жағымсыз әдеттерге әуестігінен денсаулық деңгейінің орташа болуы қаупі бар; - мектеп басшылығы тарапынан қадағалаудың болмауы оқу процесіндегі сабақ өту сапасына кері әсерін тигізу қаупі бар; - Мектеп басшылығы тарапынан жұмыста жетістікке жеткен педагогтарды қолдаудың болмауы мотивациясының түсуіне қауіп бар |
Мониторинг оқушылардан, ата-аналардан (заңды өкілдерден), мұғалімдерден, әкімшілік мүшелерінен сауалнамалар алу, кәсіби сұхбаттасулар, бастапқы бақылау жұмыстары арқылы жүзеге асырылды. Мұғалімдердің өз білімдерін дамыту деңгейлерін, кәсіби құндылықтарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жүргізілген талдау және мониторинг нәтижесінде төмендегідей проблемалар анықталды:
Білім алу үдерісі:
- Оқушылардың білім сапасының орта деңгейі;
- Оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба байқауларындағы жетістігінің төмен болуы;
- Оқушылардағы функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындау дағдысының төмендігі;
Тәрбие беру үдерісі:
- Оқушылардың әлеуметтік желіні шектен тыс көп қолдануы;
- Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға деген көзқарасы;
- Оқушылардың зиянды заттар мен жағымсыз әдеттерге әуестігі, денсаулық деңгейінің орташа болуы
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттері бойынша:
- Мұғалімдердегі сабақ өтуге деген бірсарындылық, сабақ жоспары мен сабақтағы байланыстың болмауы;
- Мұғалімдердерге арналған түрлі сайыстардағы төмен көрсеткіш;
- Пән мұғалімдеріндегі сабақты талдау дағдысының төмендігі.
Басқарушылық қызмет:
- Бақылау мен басшылық қызметінің орташа деңгейде болуы
- Мектепті дамытудағы инновациялық құзіреттіліктерінің орташа деңгейде болуы.
Анықталған проблемалардың туындау себептері ретіндегі төмендегі жағдайлар анықталды
Білім алу үдерісі:
- Оқушыларда «Қалай жақсы оқу керек?» жайлы ұғымның қалыптаспауы;
- Оқушыларды олимпиадаға, ғылыми жоба байқауларына дайындық жұмысының өз дәрежесінде жүргізілмеуі;
- Оқушыларға функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындату барысында дұрыс бағыт беру үдерісінің қалыптаспауы.
Тәрбие беру үдерісі:
- Оқушыларда әлеуметтік желіні қолдану талаптарының қалыптаспауы;
- Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға көзқарасының оң пікірде болмауы;
- Әлеуметік желілердегі жасөспірімдер арасында зиянды заттар мен жағымсыз әдеттердің белең алуы.
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттері бойынша:
- Мұғалімдердегі өз білімін жетілдіру дағдысының төмендеуі сабақ өтуге деген бірсарындылыққа апаруда, сабақ жоспарлауды өз бетінше, шынайы жүргізбеуі, сабақ құрылымына, оқу мақсаттарына мән бермеуі;
- Мұғалімдердегі шығармашылық дағдының төмендігі;
- Пән мұғалімдері тарапынан тәжірибе алмасу, сабақтарға ену, сабақты талдау дағдысының төмендігі.
Басқарушылық қызмет:
- Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг көрсеткішін өз дәрежесінде саралап, жетістікке қол жеткізген қызметкерлерді мақтап-мадақтау шарасының болмауы;
- Мектепте мұғалімдер арасында шығармашылықтарын жетілдіретін, жаңалыққа жетелейтін іс-шаралардың болмауы.
2.2. Мектептің инновациялық әлеуеті
Мектеп ұжымының инновациялық әлеуетін бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
- ұжымның зияткерлік әлеуеті;
- сабақты зерттеу дағдысының деңгейі;
- пән олимпиадаларына, жоба жұмыстарына оқушыны дайындау дағдысының деңгейі;
- функционалды сауаттылық деңгейі;
- ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасу деңгейі;
- шығармашылық қабілеттері;
- көшбасшылық дағдының қалыптасу деңгейі;
- өз білімін жетілдіру дағдысының деңгейі;
- сабақты сапалы өту дағдысы;
- сабақ жоспарлауды өз бетінше, шынайы жүргізу, сабақ құрылымына, оқу мақсаттарына мән беру;
- тәжірибе алмасу, сабақтарға ену, сабақты талдау дағдысының деңгейі;
- ақпараттық мәдениет деңгейі;
- зерттеу бағытын дұрыс таңдауы;
- командадағы кәсіпқойлық, мектеп магистрлері;
- мектеп басшылығының көшбасшылығы;
- өзара оқу, бірін-бірі оқыту дағдысының деңгейі
Мұғалімдердің осы критерийлер бойынша инновациялық әлеуетін анықтау мақсатында жиналған деректерді талдау мынаны көрсетті:
- ұжымның зияткерлік әлеуетінің орта деңгейде болуы;
- сабақты зерттеу дағдысының толық қалыптаспауы;
- пән олимпиадаларына, жоба жұмыстарына оқушыны дайындауда бірізді жүйенің болмауы;
- функционалды сауаттылық дағдысының орта деңгейіде болуы;
- ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасу деңгейі қалыпты;
- шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет;
- көшбасшылық дағдының қалыптасу деңгейі жетілдіру қажет;
- өз білімін жетілдіру дағдысының деңгейі орта;
- сабақты сапалы өту дағдысын жетілдіру керек;
- сабақ жоспарлауды өз бетінше, шынайы жүргізуді жолға қою, сабақ құрылымына, оқу мақсаттарына мән беру;
- тәжірибе алмасу, сабақтарға ену, сабақты талдау дағдысын жетілдіру;
- ақпараттық мәдениет деңгейін жетілдіру;
- зерттеу бағытын дұрыс таңдауға қолдау көрсету;
- командадағы кәсіпқойлық, мектеп магистрлері жұмысын жолға қою;
- мектеп басшылығының көшбасшылығы жұмысын жетілдіру;
- өзара оқу, бірін-бірі оқыту дағдысын жетілдіру.
Осылайша педагогтердің инновациялық әлеуетін артыру мүмкіндіктерінің бар екені, оны неліктен және қалай жүзеге асыру қажеттігі іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізіп, біліктіліктерін жетілдіру қажет екені анықталды.
2.3. Педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары туралы пікірлерін зерделеу
Мектептің ағымдағы жай-күйі, оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасының орта деңгейде екендігі, мұғалімдердің кәсіби құзырет деңгейлері, оқыту тәжірибелері, мектеп ұжымының инновациялық әлеуетінің деңгейі және педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің пікірлерін анықтау үшін алынған сауалнаманы зерделеу білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттарын айқындап берді. Мектепті дамытудың перспективалары мен бағыттарын анықтауда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары», Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы басшылыққа алынды. 2024-2029 жылдарға арналған мектепті дамытудың перспективалары мен бағыттары былайша анықталды.
2.4. Білім беру процесінің мазмұнына ата-аналардың қанағаттануын зерделеу.
Білім беру процесінің мазмұнына ана-аналардың қанағаттану дәрежесін зерделеу ... (жұмыс арқылы жүргізілді). Ол үшін барлық оқушылардың ата-аталарынан (заңды өкілдерден) әлеуметтік сауалнама анонимді жүргізілді.
Білім беру процесінің мазмұнына ана-аналардың қанағаттану дәрежесін зерделеу Қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмыс арқылы жүргізілді. Ол үшін барлық оқушылардың ата-аталарынан (заңды өкілдерден) әлеуметтік сауалнама анонимді жүргізілді.
Сауалнамаға білім беру процесіне қанағаттанушылықты көрсететін бірнеше критерийлерге бөлуге болатын сұрақтар кірді. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде келесі жайттар анықталды (бастапқы деңгей):
- мектептегі оқушылардың жайлылық жағдайын ұйымдастыруға қанағаттануы жоғары деңгейде
- Оқытушылардың кәсіби деңгейіне ата-аналардың көңілі толады.
- мектептің материалдық техникалық базасы туралы ата аналардың көзқарасы орташа.
- қосымша білім беруді ұйымдастыруға қанағаттану орта деңгейде
- мектептегі психологиялық климат – жақсы деңгейде
- ата-аналардың мектептегі басқарушылық үдерісіне қанағаттануы орта деңгейде, мұны оқушылардың білім сапасының орта болуымен және оқушылардың пәндік олимпиадалар мен ғылыми-жобаларға қатысу нәтижесінің төмендігін түсіндіруге болады.
Талдау бағыттары | Мектеп қызметін талдаудан анықталған өзгерістер болжамы | өзгерістер тәсілдері мен нысандары |
Білім беру үдерісі | - Оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеру мақсатында «Lesson Study» тәсілін қолдану; - Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу; - «Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмысты жолға қою - PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын және оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында командалық, топтық жұмыстарды жетілдіру; | Сабақты зерттеу Жоба Жоба |
Тәрбие беру үдерісі | «Біртұтас тәрбие» құндылықтарын сіңіру Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығы бойынша: Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға көзқарасы -Досбол LIKE - «Еңбек түбі береке» мектеп ауласында бекітілген уческілерге сенбілік ұйымдастыру. Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы бойынша: Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану Әр түрлі ақпататтарды талдау және баға бере алуы -Заң және тәртіп құндылығы бойынша: Зиянды әдеттерден аулақ болу Әлеуметік желілердегі жасөспірімдер арасында зиянды заттар мен жағымсыз әдеттердің белең алуы. - Әділдік және жаукершілік құндылық бойынша: -«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу | Жобалар сынып сағаттары т.б. Әңгіме Челлендж Сенбілік Дөңгелек үстел Дебат Пікірталас |
Педагогтерді оқыту үдерісі | Пән мұғалімдерінің өз білімін арттыру мақсатында курстарға жіберу, өзара және өзін-өзі оқыту дағдыларын жетілдіру; «Оқушыға бағытталған сабақ жоспары – білім сапасын арттырудың кепілі» Кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысы «Сабақты талдау: қорытындылар мен ұсыныстар» Қазіргі білім берудегі жаңа трендттер Білім берудегі заманауи әдістеримен технологиялар «Ең үздік сабақтар онкүндігі» | Жоба шебер сынып коучинг семинар шебер сынып онкүндік |
Басқарушылық үдеріс | «Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың кепілі» жобасын енгізу арқылы басқарушылық тәсілге өзгеріс енгізу | жоба |
Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг нәтижесінде анықталған қызметкерлерді марапаттау; | анықтама |
Бағдарламаның пайымы
- № 10 ``Қайнар`` мектеп-гимназия`` коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданның сапалы білім беру ордасына айналуы тиіс және аудан үшін білім беру инновацияларының ресурстық орталығы бола алады.
Өзектілігі:
- Бағдарлама білім беру процесіне жобалық жұмыстарды жетілдіру, оқушылардың функционалды сауатын дамыту және жаһандық азаматтыққа дайындық сияқты өзекті білім беру үдерісінде туындайтын қауіптерді шешуге бағытталған.
Шынайылығы:
- Ресурстарды бағалау: бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері бюджетті, кадрлық ресурстарды, ақпараттық ресурстарды және ағымдағы инфрақұрылымды қоса алғанда, мектептің нақты ресурстарына бейімделген.
Кешенділік:
- Интеграцияланған стратегиялар: мектепті дамыту бағдарламасы оқу жоспарларын, оқыту әдістерін, технологиялық инфрақұрылымды және әлеуметтік өзара іс-қимыл саласын қамтитын стратегиялар кешенін қамтиды.
IV БӨЛІМ. Бағдарламаның миссиясы
Бағдарламаның миссиясы - Тұлғалық қасиеттері дамыған, жоба жұмыстарын жетілдіру арқылы мәселені шеше білу қабілеті қалыптасқан, функционалды сауатты, білімге негізделген колобаративті орта құру.
V БӨЛІМ. Бағдарламаның стратегиясы
5.1. Мектептің Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі орны және рөлі
№ 10 ``Қайнар`` мектеп-гимназия`` коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстанның орта білім беру жүйесі идеясын жүзеге асыратын, Қазақстанның өз отанын сүйетін жалпыадамазаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген азаматын дайындайтын ұжым.
5.2. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатындағы мектепті дамыту стратегиялары және кезеңдері
Жоспар қолда бар жағдайларды талдау және оларды өзгерту перспективалары туралы болжамды ескере отырып, ресурстық қамтамасыз ету негізінде жасалды. Бағдарламаның стратегиялық даму жоспарын талқылаудың және қабылдаудың негізгі кезеңдері мен нысандары.
Мектептің стратегиялық даму бағдарламасы екі кезеңде іске асырылатын болады: 2024–2026 жылдар мен 2026– 2028 жылдар.
Стратегиялық даму бағдарламасын іске асырудың кезеңдері:
Бірінші кезеңінде 2024–2026 жылдар
Екінші кезеңде 2026–2028 жылдар
Даму басымдықтары | Стратегиялар мен мақсаттар | 2024-2025 оқу жылы | 2025-2026 оқу жылы | 2026-2027 оқу жылы | 2027-2028 оқу жылы | 2028-2029 оқу жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мектептегі оқыту, оқу-тәрбие жүйесіне өзгеріс енгізу арқылы білім сапасын арттыру, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру | Оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеру мақсатында «Lesson Study» тәсілін қолдану | + | + | + | + | + |
Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу | + | + | + | + | + | |
«Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмысты жолға қою | + | + | + | + | + | |
PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын және оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында командалық, топтық жұмыстарды жетілдіру | + | + | + | + | + | |
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ынтымақтастық ортада ұлтжанды жаңа буынды дайындау | Досбол LIKE челленджін ұйымдастыру | + | + | |||
- «Еңбек түбі береке» мектеп ауласында бекітілген уческілерге сенбілік ұйымдастыру. | + | + | ||||
Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы бойынша Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану Әр түрлі ақпататтарды талдау және баға бере алуы | + | + | + | |||
Заң және тәртіп құндылығы бойынша зиянды әдеттерден аулақ болу | + | + | ||||
-«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу | + | + | ||||
Педагогтердің кәсіби және мәдени әлеуетін жақсарту | Пән мұғалімдерінің өз білімін арттыру мақсатында курстарға жіберу, өзара және өзін-өзі оқыту дағдыларын жетілдіру; | + | + | + | + | + |
«Оқушыға бағытталған сабақ жоспары – білім сапасын арттырудың кепілі» | + | + | ||||
Кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысы | + | + | + | + | + | |
«Сабақты талдау: қорытындылар мен ұсыныстар» | + | + | ||||
Қазіргі білім берудегі жаңа трендтер | + | + | ||||
Білім берудегі заманауи әдістер мен технологиялар | + | + | ||||
«Ең үздік сабақтар онкүндігі» іс-шарасын ұйымдастыру | + | + | + | + | + | |
Білім сапасын арттыруда ұстаз бен шәкірт мүддесін қолдау | «Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың кепілі» жобасын енгізу арқылы басқарушылық тәсілге өзгеріс енгізу | + | + | + | ||
Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг нәтижесінде анықталған қызметкерлерді марапаттау | + | + | + | + | + |
5.3. Мектептің инновациялық әлеуетін дамыту және оған қол жеткізу
Енгізілетін инновациялар | Оған қалай қол жеткізуге болады? |
Оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеру мақсатында «Lesson Study» тәсілін қолдану | Бірлескен командалық жұмысты ұйымдастыру арқылы зерттеу жүргізіледі |
Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу | «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу арқылы оқушыларда өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады |
«Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмысты жолға қою | Жоба жұмыстары негізінде білім алу дағдылары қалыптасады |
PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын және оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында командалық, топтық жұмыстарды жетілдіру | Оқушыларда білімді өмірде қолдана алу дағдысы қалыптасады |
Досбол LIKE челленджін ұымдастыру | Оқушыларда ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды |
- «Еңбек түбі береке» мектеп ауласында бекітілген уческілерге сенбілік ұйымдастыру. | Оқушыларда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысы қалыптасады |
Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы бойынша Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, әр түрлі ақпататтарды талдау және баға бере алуы | Айналада болып жатқан әрекеттерге сын көзбен қарап, талдау жасай алу қабілеттері артады |
Заң және тәртіп құндылығы бойынша зиянды әдеттерден аулақ болу | Зиянды заттарды қолданбай өмір сүруге болатыны жайлы түсінік қалыптасады |
-«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу | Оқушылардың зияткерлік қабілеттері және ораторлық дағдылары қалыптасады |
Пән мұғалімдерінің өз білімін арттыру мақсатында курстарға жіберу, өзара және өзін-өзі оқыту дағдыларын жетілдіру; | Өзара және өзін-өзі оқытатын ұжым қалыптасады |
«Оқушыға бағытталған сабақ жоспары – білім сапасын арттырудың кепілі» | Сабақ жоспарын жазуда оқушы қажеттілігін ескеру дағдысы қалыптасады |
Кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысы | Шығармашылық топ мұғалімдері тарапынан қолдау жүзеге асады |
«Сабақты талдау: қорытындылар мен ұсыныстар» | Өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жолға қойылады |
Қазіргі білім берудегі жаңа трендтер | Әдістемелік іс-шаралар мен қолдау жұмысы жүргізіледі |
Білім берудегі заманауи әдістер мен технологиялар | Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарқату жұмысы жүргізіледі |
«Ең үздік сабақтар онкүндігі» іс-шарасын ұйымдастыру | Аталған іс-шараға дайындық барысында мұғалімдерде ізденіс жүзеге асады |
«Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың кепілі» жобасын енгізу арқылы басқарушылық тәсілге өзгеріс енгізу | Бақылау мен басшылықтың жаңа форматы енгізіледі |
Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг нәтижесінде анықталған қызметкерлерді марапаттау; | Жыл қорытындысы бойынша үздік ұстаздардың еңбегін ұлықтап, марапаттау – ұстаз жұмысының ең биік нәтижесі |
VI БӨЛІМ. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу
6.1. Бағдарламаны іске асыру жоспары
№ | Өзгерістердің/іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | жауапты |
1-мақсат. | ||||
1 | Оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеру мақсатында «Lesson Study» тәсілін қолдану | Кітапша | 2029 | Ғ. Бахтыбеков Б. Ташева Б. Мырзабаева |
2 | Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу | Жоба | 2029 | Ғ. Бахтыбеков Б. Ташева |
3 | «Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмысты жолға қою | Жоба | 2029 | Г. Убайдина Ғ. Бахтыбеков Б. Ташева |
4 | PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын және оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында командалық, топтық жұмыстарды жетілдіру | Кітапша | 2029 | Ғ. Бахтыбеков Б. Мырзабаева Б. Ташева |
2- мақсат. | ||||
6 | Досбол LIKE челленджін ұымдастыру | Челлендж | 2026 | А. Бердалиева Д. Насимов |
7 | - «Еңбек түбі береке» мектеп ауласында бекітілген уческелерге сенбілік ұйымдастыру. | Мақала | 2026 | А. Бердалиева Д. Насимов |
8 | Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы бойынша Цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, Әр түрлі ақпататтарды талдау және баға бере алуы | Әдістемелік құрал | 2027 | А. Бердалиева Д. Насимов Ш. Муратова |
9 | Заң және тәртіп құндылығы бойынша зиянды әдеттерден аулақ болу | Мақала | 2026 | А. Бердалиева Д. Насимов Ш. Муратова |
10 | -«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу | Әзірлеме | 2026 | А. Бердалиева Д. Насимов |
3-мақсат: | ||||
11 | Пән мұғалімдерінің өз білімін арттыру мақсатында курстарға жіберу, өзара және өзін-өзі оқыту дағдыларын жетілдіру; | Сертификат | 2029 | З. Бектибаева А. Тургунбаев Ғ. Бахтыбеков |
12 | «Оқушыға бағытталған сабақ жоспары – білім сапасын арттырудың кепілі» | Әдістемелік құрал | 2026 | Б. Ташева |
13 | Кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысы | Әдістемелік құрал | 2029 | Г. Убайдина З. Бектибаева |
14 | «Сабақты талдау: қорытындылар мен ұсыныстар» | Әдістемелік құрал | 2026 | Ғ. Бахтыбеков |
15 | Қазіргі білім берудегі жаңа трендтер | Әдістемелік құрал | 2026 | Б. Ташева |
16 | Білім берудегі заманауи әдістер мен технологиялар | Әдістемелік құрал | 2026 | А. Тургунбаев |
17 | «Ең үздік сабақтар онкүндігі» іс-шарасын ұйымдастыру | Мақала | 2029 | Б. Ташева |
4-мақсат. | ||||
18 | «Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың кепілі» жобасын енгізу арқылы басқарушылық тәсілге өзгеріс енгізу | Жоба | 2027 | Г. Убайдина Ғ. Бахтыбеков |
19 | Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг нәтижесінде анықталған қызметкерлерді марапаттау | Анықтама | 2029 | Г. Убайдина |
VII БӨЛІМ: Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелер:
7.1.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер
Бағыттар | Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін оң өзгерістер |
Білім беру үдерісі | - бірлескен командалық жұмысты ұйымдастырады, зерттейді; - «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізеді, оқушылар өзіне-өзі есеп береді, өзін-өзі бағалайды; - жоба жұмыстары негізінде білім алады, дағды қалыптастырады; - оқушылар білімді өмірде қолдана алады. |
Тәрбие беру үдерісі | - оқушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайды; - айналада болып жатқан әрекеттерге сын көзбен қарап, талдау жасайды; - зиянды заттарды қолданбай өмір сүруге болатынын түсінеді; - оқушылар зияткерлік қабілеттерін, ораторлық дағдыларын қалыптастырады. |
Педагогтерді оқыту үдерісі | - мұғалімдер өзара және өзін-өзі оқытады - сабақ жоспарын жазуда оқушы қажеттілігін ескереді; - шығармашылық топ мұғалімдері әдістемелік қолдау жасайды; - өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын іске асырады; - әдістемелік іс-шаралар мен қолдау жұмысын жүргізеді; - озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарқату жұмысын жүргізеді. |
Басқарушылық үдеріс | - бақылау мен басшылықтың жаңа форматын енгізеді; - жыл қорытындысы бойынша үздік ұстаздардың еңбегін саралап, марапаттайды. |
7.2.Бағдарламадан күтілетін нәтижелер
Мектепті дамытудың негізгі басымдықтары | Күтілетін нәтижелер |
Мектептегі оқыту, оқу-тәрбие жүйесіне өзгеріс енгізу арқылы білім сапасын арттыру, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру | - бірлескен командалық жұмысты ұйымдастырады, зерттейді - «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізу арқылы оқушыларда өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады - Жоба жұмыстары негізінде білім алу дағдылары қалыптасады - Оқушыларда білімді өмірде қолдана алу дағдысы қалыптасады |
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ынтымақтастық ортада ұлтжанды жаңа буынды дайындау | - Оқушыларда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысы қалыптасады - Айналада болып жатқан әрекеттерге сын көзбен қарап, талдау жасай алу қабілеттері артады - Зиянды заттарды қолданбай өмір сүруге болатыны жайлы түсінік қалыптасады - Оқушылардың зияткерлік қабілеттері және ораторлық дағдылары қалыптасады |
Педагогтердің кәсіби және мәдени әлеуетін жақсарту | - Өзара және өзін-өзі оқытатын ұжым қалыптасады - Сабақ жоспарын жазуда оқушы қажеттілігін ескеру дағдысы қалыптасады - Шығармашылық топ мұғалімдері тарапынан қолдау жүзеге асады - Өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жолға қойылады - Әдістемелік іс-шаралар мен қолдау жұмысы жүргізіледі - Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарқату жұмысы жүргізіледі - Аталған іс-шараға дайындық барысында мұғалімдерде ізденіс жүзеге асады |
Білім сапасын арттыруда ұстаз бен шәкірт мүддесін қолдау | - Бақылау мен басшылықтың жаңа форматы енгізіледі - Жыл қорытындысы бойынша үздік ұстаздардың еңбегін ұлықтап, марапаттау – ұстаз жұмысының ең биік нәтижесі |
VIII.БӨЛІМ. Мектепті дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары
№ | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Жоспарлы кезеңде | ||||||||||
2024/2025 оқу жылы | 2025/2026 оқу жылы | 2026/2027 оқу жылы | 2027/2028 оқу жылы | 2028/2029 оқу жылы | |||||||||
1-мақсат. | |||||||||||||
1. | «Lesson Study» тәсілін қолдану нәтижесінде білім сапасы артқан оқушылар саны | саны | 30 | 60 | 90 | 120 | 150 | ||||||
2. | Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында «Олимпиадаға резерв» жобасымен жұмыс жүргізген жеңімпаздар саны | саны | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | ||||||
3 | «Жас ғалым» жобасы аясында PBL- мен жұмыс нәтижесінде жоба жұмыстарымен айналысатын оқушылар саны | саны | 22 | 29 | 34 | 38 | 45 | ||||||
4 | PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерге дайын және функционалдық сауаттылық деңгейі жоғары оқушылардың үлесі | % | 45% | 50% | 55% | 60% | 65% | ||||||
2-мақсат: | |||||||||||||
1 | Досбол LIKE челленджін ұйымдастыруға белсенділік танытқан оқушылардың үлесі | % | 80% | 100% | |||||||||
2 | - «Еңбек түбі береке» мектеп ауласында сенбілік ұйымдастыруға белсенді оқушылардың үлесі | % | 70% | 80 % | |||||||||
3 | Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы бойынша цифрлық ресурстарды тиімді пайдаланатын, әр түрлі ақпататтарды талдап және баға бере алатын оқушылар үлесі | % | 75% | 85% | 95% | ||||||||
4 | Заң және тәртіп құндылығы бойынша зиянды әдеттерден аулақ болуды ұйымдастыра алатын, өзіндік реттеуі жақсы дамыған оқушылар үлесі | % | 70% | 80 % | |||||||||
-«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдылары дамыған және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптей алатын оқушылар үлесі | % | 80% | 90 % | ||||||||||
3-мақсат. | |||||||||||||
1 | Өзара және өзін-өзі оқыту дағдылары қалыптасқан педагогтер үлесі | % | 40% | 55% | 70% | 80% | 90% | ||||||
2 | Сабақ жоспары өзі бетінше, оқушыға бағыттап жоспарлайтын педагогтер үлесі | % | 60% | 70% | |||||||||
3 | Кадр саясатын іске асыру жобасы аясында «Шығармашылық шеберхана» жұмысы арқылы шығармашылық қолдау көрсетілген мұғалімдер саны | % | 40% | 55% | 70% | 80% | 90% | ||||||
Өзара тәжірибе алмасу жұмысын шынайы жүзеге асыратын педагогтер үлесі | % | 45% | 65% | ||||||||||
Қазіргі білім берудегі жаңа трендтерді сабақта қолданатын педагогтер саны | % | 50% | 70% | ||||||||||
Білім берудегі заманауи әдістер мен технологияларды сабақта қолданатын педагогтер үлесі | % | 60% | 80% | ||||||||||
«Ең үздік сабақтар онкүндігі» іс-шарасын ұйымдастыруға қатысқан педагогтер үлесі | % | 50% | 70% | 80% | 85% | 90% | |||||||
4-мақсат. | |||||||||||||
1 | «Мектепішілік бақылау – білім сапасын арттырудың кепілі» жобасын енгізу барысында анықталған өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын педагогтер үлесі | % | 75% | 85% | 90% | ||||||||
2 | Жыл қорытындысы бойынша шығарылған рейтинг нәтижесінде анықталып, марапатқа ұсынылған қызметкерлер үлесі | % | 45% | 50% | 55% | 60% | 65% | ||||||

