23
апрель
2025
" Судағы қауіпсіздік ережелері"
" Судағы қауіпсіздік ережелері"
Жетісай ауданының білім бөлімі, 23.04.2025 жылғы N260 хатына сәйкес білім алатын жасөспірімдердің жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті сақтау үшін N10"Қайнар" мектеп- гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 сәуір күні 1-11 сыныптарда "Судағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өтілді.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР
Су айдындарындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көптеген жағдайларда сізге ғана байланысты! Ыстық ауа-райының басталуына байланысты, жазғы кезеңде су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында сіздерге: табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Бұл сіздің балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын ЕСКЕРТЕДІ, балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірі осыған байланысты.
Шомылуға қатаң тыйым салынады:
- балалардың ересектердің қадағалауынсыз;
- бейтаныс жерлерде;
- үрлемелі камераларда және басқа да жүзу құралдарында (ересектердің қадағалауынсыз);
Негізсіз қауіп-қатер, судағы тентектік жағдайларына жол бермеу.