03
март
2025
"АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНА LESSON STUDY" ТӘСІЛІН ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ.
"АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНА LESSON STUDY" ТӘСІЛІН ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ.
№10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі сабақтарына Lesson Study тәсілін енгізу арқылы оқушылардың тілді қолдану дағдыларын жетілдіру,олардың сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу қабілеттерін арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың ағылшын тіліндегі коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында мектебіміздің шетел тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ағылшын тілі сабақтарына Lesson study тәсілін енгізу арқылы оқушылардың тілді қолдану дағдысын жетілдірудің тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Аталған семинарға Аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Балхибаева және барлық білім ордаларының шетел тілі (ағылшын) пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында мектеп фойесінде келген қонақтардың таңғы көңіл күйін көтеру мақсатында шетел тілі пәні мұғалімдері К.Сауранбаева мен А.Жасузахованың ұйымдастыруымен "The field of Miracles" ойын жаттығулары өткізілсе, "Poster session" жоба қорғау жұмысында ағылшын тілі пәнінен аудандық, облыстық, республикалық олипиадалар мен сайыстарда жүлдегер атанған мектеп оқушылары ағылшын тілі бойынша тілдік дағдыны қолданудың жоғары деңгейдегі үлгісін көрсете білді, әрі қарай концерттік бағдарламаларға ұласты. Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы және АББ-нің әдіскері Н.Балхибаева сөз алып, келген қонақтарға және семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, ұйымдастырушылар алқасына өз ризашылықтарын жеткізді.
Семинар барысында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, шетел тілі пәні мұғалімі Ташева Болсынай Аханқызы «Ағылшын тілі сабақтарына Lesson Study тәсілін енгізу арқылы оқушылардың тілді қолдану дағдысын жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, шетел тілі (ағылшын) пәні мұғалімдері Б. Ташева семинар қатысушыларымен «Effective ways to teach writing skills», Г. Қарынтаева «Development and Improvement of speaking skills in the process of Lesson Study», Н. Қазыбаев «Improving students reading skills by using Lesson Study», Н. Бурабеков «Effective Listening tasks in Teaching English» тақырыбында семинар қатысушыларымен коучингтер өтті. Коучингтің негізгі мақсаты ағылшын тілі сабақтарында Lesson Study тәсілін енгізу арқылы оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу қабілеттерін арттыру болып табылды. Аталған тілдік дағдыларды шетел тілі (ағылшын) пәні мұғалімдері
А. Сапарханова 9 «Ә» сыныбымен «Music and Films», Ф. Панзарбек 6 «Б» сыныбымен «Books and Writers», А. Адилбекова 7 «А» сыныбымен «Arachnophobia»,
А. Мырзахметова 4 «В» сыныбымен «Healthy Snacks» тақырыбындағы пәндік ашық сабақтарында қолданып, семинар қатысушыларымен тәжірибе алмасты.
Семинар қорытындысында ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген сабақтарға талдау жасалынып, өзара пікір алмасты. АББ-нің әдіскері Н. Балхибаева және басқа да кеш қонақтары тағылымды семинарды жоғары деңгейде өткізген мектеп басшысы Г. Т. Убайдинаға және ұйымдастырушылар тарапына өз алғыстарын жеткізді


