Түркістан облысының білім басқармасының
Жетісай ауданыныңбілім бөлімінің
"№10 Қайнар мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8 (7222) 25-44-52
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » "ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕС БОЛЫП ӨТТІ.
28
февраль
2025

"ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕС БОЛЫП ӨТТІ.

"ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУ" ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕС БОЛЫП ӨТТІ.
Бүгін, №10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін, физикалық және психикалық денсаулығын, әлеуметтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ жеке тұлғаның жалпы дамуына оң әсер ету және бос уақыттарын оқумен, спортпен, шығармашылық жұмыстармен, әлеуметтік және мәдени іс-шаралармен тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің қосымша білім беру педагогтарының ұйымдастыруымен "Заманауи білім беруде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу" тақырыбында аудандық семинар кеңес өткізілді. Аталған семинарға Аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Жанаева және барлық білім ордаларының қосымша білім беру педагогтары қатысты.
Семинар барысында мектеп фойесінде шығармашылық көрме, сонымен қатар келген қонақтардың таңғы көңіл күйін көтеру мақсатында "Ғажайып алаң" ойын жаттығулары және ҚББП-тері Ж. Туребеков пен А. Мамыртаеваның ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар қойылды. Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы және АББ-нің әдіскері А. Жанаева сөз алып, келген қонақтарға және семинар кеңес қатысушыларына сәттілік тілеп, ұйымдастырушылар алқасына өз ризашылықтарын жеткізді.
Сондай-ақ мектебіміздің ҚББП
М. Алтынбекова "Заманауи білім беруде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу" тақырыбында баяндама оқыды және педагог-психолог Ш. Муратова келген қонақтармен "Психология әлемінде" тренингімен жалғасын тапты.
Семинар кеңес барысында ҚББП
А. Ешанкулова оқушылардың қатысуымен "Менің атым Қожа" повесінен сахналық қойылым көрсетіп, қатысушы қонақтарды бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар ҚББП А. Жақсыбекова "Тілашар" тәрбие сағатын, ҚББП Б. Сарсенбаева "Әлеуметтік желі— оқушыларды үйірме жұмысына тартудың тиімді құралы" тақырыбында тікелей эфирдегі сахналық қойылым, ҚББП
И. Айтуарова "Табиғат тынысы" интеллектуалды сайыс, ҚББП Г. Исмайлова "Шахмат —ақыл-ой тәрбиесі" шахмат ойыны, ҚББП М. Акмурзаева "Талқаннан жасалатын шоколадты жент" теле бағдарлама, ҚББП Ж. Телкозиева "Жақсы көңіл күй, жақсы қарым-қатынас" тренинг, ҚББП Ә. Асанов "Туристік құрал- жабдықтармен таныстыру" ашық сабақ,
ҚББП А. Тәңіркулов мектеп спорт залында "Шынықсаң шымыр боласың" эстафеталық жарыстарын жоғары деңгейде өткізе білді.
Семинар кеңес қорытындысында ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген сабақтарға талдау жасалынып, өзара пікір алмасты. АББ-нің әдіскері А. Жанаева және басқа да кеш қонақтары тағылымды семинарды жоғары деңгейде өткізген мектеп басшысы Г. Т. Убайдинаға және ұйымдастырушылар тарапына өз алғыстарын жеткізді.

https://www.facebook.com/100012426033321/videos/3938189743160709
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив