17
июнь
2024
МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР
2023 жылы 16 қараша күні Түркістан қаласы Хамза атындағы ЖББМ базасында аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу мақсатында «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» (Басшы лауазымына тағайындау туралы ҚРБжҒМ 2012 ж. 21 ақпандағы № 57 бұйрығы) тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарға Түркістан облысы жалпы орта мектеп директорларының орынбасарларынан жалпы 60 адам, соның ішінен Жетісай ауданы мектеп директорларының орынбасарларынан 4 адам, атап көрсетсек, "Қайнар", "Жеңіс", "Горький" гимназия мектептерінің және "Рысқұлов" жалпы орта мектебі директорының орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында «Басшы лауазымына тағайындалу туралы» ҚР БжҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы, Конкурстық комиссияның әңгімелесу кезеңі: тақырыптық бағыттары, дайындалу жолдары, мектеп директорының көшбасшылық қасиетін дамыту, білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары, ұйымдастыру және жүзеге асыру, Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар, қолданыстағы еңбек заңының негіздері талқыланды.
Семинарға "Білім беруді дамыту орталығының" директоры - Бақытжан Нұрмағанбетұлы, «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедра меңгерушісі - Жунисова Назым, әдіскер - Тлеулиев Самат, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы - заңгері Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Шымкент қ. филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері - Кожымбетова Айжан Мархабаевна, Кентау қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББМ-тің директоры - Тажимбетова Гүлжахан Мырзаханқызы, Отырар ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры - Сыздықәлі Айнұр қатысып өз тәжіриебелерімен бөлісті.
Семинар директор орынбасарлары үшін өте маңызды болды.