17
июнь
2024
МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ
Аудандық кәсіби бағдар беру мамандарының ғылыми жобасының ашылу семинары
Ә. Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектебінде болып өтті. Жобаның мақсаты — оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын таныстырып келешекте өз мамандығын дұрыс таңдауына жол көрсету.
Семинардың модераторы бөлімнің әдіскері Ұлжан Бақытқызы бағдарламамен таныстырып, жүйелі жұмысымыздың әрқашанда нәтижесін көрсете білуді, аудандағы мектеп бітірушілеріміздің мамандық таңдауда қателесуге жол бермеуімізді және "МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ" тақырыбындағы жобамызды үйлестіру жолдарын жіті түсіндірді.
Аталған семинарда мектебіміздің кәсіби бағдар беру маманы Алдабергенова Лаззат «Мамандық таңдау-жауапты қадам» тақырыбында баяндама оқып, өз әдісімен бөлісті.